Сапалы білім бәріне арналған ба? Инклюзив білім деген не, оның құндылығы неде және қазақстандық мектептер мұндай оқу форматына дайын ба? Бұл туралы i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры, PHD доктоp Жұлдыз Сүлейменова түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Жаңа шығарылымды бүгін, 6 қыркүйек сағат 20:00-де Tengri TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар. Спикер "Инклюзив білім деген не?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Жұлдыз Сүлейменованың білім беру саласында көпжылдық тәжірибесі бар. 2019 жылдан бері Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры.
Еліміздің және шетел басылымдарындағы 45 жарияланымның авторы. Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталған.
Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.