Қазақстандық оқушылар қашықтан оқуы мүмкін

Қазақстандық оқушылар қашықтан оқуы мүмкін

Қазақстандық оқушылар ЖРВИ және тұмау жұқтыру дерегі көбейіп кетсе онлайн оқуға көшуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ДСМ өкілдерінің мәліметінше, егер сыныпта оқушылардың 30 пайызы ауыратын болса, қашықтан оқиды. ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапованың сөзінше, қазаннан бері Қазақстанда жарты миллионға жуық оқушы суық тиіп ауырған. Астананың өзінде 400-ге жуық оқушы ауруханаға түскен. 

"Қазақстанда тұмаудан бөлек өзге вирустар тарап жатыр. Тұмауға жатпайтын инфекцияның 1202 түрі зерттелді. Оның 264-інің нәтижесі оң болып шықты. Оның ішінде, риновирус - 93, РС-вирус - 77, паратұмау - 31, коронавирус - 20, аденовирус - 17, бокавирус - 10, метапневмовирус - 6", - дейді Қожапова.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина