Қазақстандық нокаутшының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық боксшы Иван Дычко (12-0, 11 КО) кәсіпқойдағы кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен жекпе-жекте ол жергілікті Кевина Эспиндоладан (7-4, 2 КО) басым түсті. 

Дычконың Probellum бастамасымен өткізген бірінші айқасы алғаш рет толықтай өтті, он раунд қорытындысы бойынша қазақстандық нокаутшы бірінші рет төрешілер шешімімен (100-90, 99-91, 99-91) жеңіп отыр.

Осылайша, Иван кәсіпқой карьерасында 12-жеңісін тойлады. Ал Эспиндола төртінші рет жеңіліп отыр екен.