Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кестені бекіту жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жобаны көпшілік алдында талқылау 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. Кестеге сәйкес, 2019 жылдан 2025 жылға дейін жалпы орта білім беретін ұйымдардағы ұстаздарды латын графикасына өтуді есепке ала отырып, біліктілікті арттыру бойынша курстардан өткізу жоспарланған. Ведомстводағылардың есептеуінше, 192 мыңнан аса мұғалім курстардан өтеді. Латын графикасына өтудің жоспарлы кестесі: 0, 1 сыныптар - 2020 жыл0, 1 плюс 2 сынып - 2021 жыл0, 1, 2 плюс 3сынып - 2022жыл 0, 1, 2, 3 плюс 4сынып - 2023жыл 0, 1, 2, 3, 4 плюс 5-9сыныптар - 2024жыл 0, 1, 2, 3, 4, 5-9 плюс 10, 11сыныптар - 2025жыл Оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтардың латын графикасына өтуінің жоспарлы кестесі: 0 сынып (мектепалды) - 2018жыл 1сынып - 2019жыл 2сынып - 2020жыл 3сынып - 2021жыл 4сынып - 2022жыл 5-9сыныптар - 2023жыл Қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептердегі оқулықтардың барлығын және қазақ тілінде білім бермейтін мектептерде Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша оқулықтардылатын графикасымен қайта басып шығару, жергілікті атқарушы органдардың оқулықтарды сатып алуын ұйымдастыру мына кесте бойынша жоспарланған: 0 сынып (мектепалды) - 2019 жыл 1сынып - 2020жыл 2сынып - 2021жыл 3сынып - 2022жыл 4сынып - 2023жыл 5-9сыныптар - 2024жыл 10-11сыныптар - 2025жыл Еске сала кетсек, 2018 жылдың ақпанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойған еді.