Қазақстандық иллюстратор Мағира Тілеубердина Ninety One тобының мүшелерін суретке салды. Оның жұмысына Instagram қолданушылары тәнті болған. Tengri Lifestyle сурет авторымен сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мағира Тілеубердина Instagram желісіндегі парақшасында Ninety One тобының төрт мүшесін де салған.
Мында, мысалы, ZaQ атымен танымал Дулат Мұхаметқалиевтің суретін салу барысы көрсетілген.
Ал бұл - ACE лақап атымен танымал Азамат Ашмақынның суреті. Видеода оның портреті бойынша кезең-кезеңімен жұмыс істеу процесі де көрсетілген.
Сахнада BALA болып өнер көрсететін Данияр Құлымшиннің портреті осындай.
Біз ALEM деп танитын Батырхан Мәліковтің суретін салудың жұмыс барысы көрсетілген.
"Өте әдемі", "Супер", "Өте керемет", "Тамаша жұмыс", "Сурет қатты ұнады", - делінген жазбадағы пікірлерде.
Мағира Тілеубердина 24 жаста, Нұр-Сұлтанда тұрады.
"Мен цифрлық суретшімін. Көбіне этникалық иллюстрациялар саламын. Комикстер жасаймын, анимацияны үйреніп жүрмін. Өзім үйренгенмін, сурет салумен үшінші жыл айналысамын", - деді Тілеубердина.
Суретші неге Ninety One тобының жігіттерін бейнелегенін түсіндірді.
"Ninety One тобының барлық мүшесін салдым, өйткені олардың шығармашылығымен жақында ғана таныстым және жігіттердің өнері маған қатты ұнады. Жігіттерді осындай кезеңде қолдағым келді. Солардың арқасында қазақша әндерді жиі тыңдай бастадым. Суреттерім арқылы олардың еңбегі үшін көп рақметімді айтып, оларға сәлем айтқым келді", - дейді бойжеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!