Қазақстандық қылмыскер марқұм қырғызстандықтың құжатымен жүрген

Қаржы пирамидасына қатысы бар қазақстандық 2000-жылы өлген қырғызстандықтың құжатымен жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қазақстандыққа жалған құжат берген қырғызстандық әйел ұсталған. 

Қырғызстанның Мемлекеттік ішкі істер министрлігі былтыр 30 желтоқсанда Бішкекте ұсталған қазақстандыққа қатысты істің мән-жайын айтты. Күдікті 2000-жылы өлген қырғызстандықтың құжатымен жүрген. 

Қазақстандық күдікті Қырғызстан шекарасынан өтіп, Қазақстанның құқық қорғау органдары өкілдерінен жасырынып жүрген. Елдегі тіркеу органының лауазымды қызметкері оған республикада заңды жүруіне көмектескен. 

"Одан бөлек, күдіктіге қатысты есірткі сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, 150 мың сом айыппұл салынған", - дейді МІІМ өкілдері. 

Қазақстандыққа заңсыз құжат берді деген күдікпен туған халықты тіркеу департаменті, паспорттық-визалық және тіркеу жұмысы бөлімінің жетекші маманы ұсталған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!