- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық құтқарушыларға қауіпті...
Қазақстандық құтқарушыларға қауіпті жұмыс үшін қосымша ақы төленеді
Қазақстанда 2 мыңнан аса құтқарушы лауазымдық жалақысының 70 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы алады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
"Қазақстандық құтқарушыларға денсаулығына зиян келтіретін және өміріне қауіп төндіретін жұмыстар үшін қосымша ақы төленеді. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі қабылдады", - деді Премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілі.
Қосымша ақы мөлшері жалақының 70 пайызы болады.
"Ол жедел-құтқару жасақтарының, республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне және құтқару функцияларын орындайтын "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлеріне беріледі. ҚР ТЖМ деректері бойынша, барлығы 2 мыңнан аса құтқарушы қосымша ақы алады", - деді баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова