Қазақстандық құтқарушылардың Джейкоб дейтін иті Түркияда үйінді астындағы адамдарға көмектесіп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарына қарағанда, қазақстандық құтқарушыларды тағы бір объектіге тарту туралы шешім қабылданған. Бұл - іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй.
"Бұл нысанда Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті үйінділердің астында тірі адамның болуы мүмкін екені туралы белгі берді. Джейкобтың белгісінен кейін "тыныштық минутын" жарияланды. Бұл уақыт адамдардың үйінді астындағы дауысын естуге арналған", - делінген хабарламада.
Джейкоб - малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!