Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Газиантепке жетті

Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін енді ғана барған құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер белгіленеді", - делінген хабарламада.

Ал қазақстандық құтқарушылардың бірінші тобы аса күрделі үш нысанға бөлінген. Олар үйінді астынан зардап шеккен бір әйелді құтқарды. Сонымен бірге төрт адамның мәйітін тапты.

Бұған дейін Қазақстандық құтқарушылардың Джейкоб дейтін иті Түркияда үйінді астындағы адамдарға көмектесіп жүргенін жазған едік.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!