Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарына қарағанда, құтқару жасағы екі топқа бөлінген.
Біріншісі – алты қабатты үй, оның толық қирау қаупі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйде адамдар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта кинологиялық есептер іздеу жұмыстарына кіріскен. Егер адам табылса, иттер тиісті белгі беріп, оларды үйінді арасынан шығарып алу жұмыстары басталады.
Екіншісі – бұл толығымен қираған тұрғын үй, үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Жедел ақпарат бойынша, құтқарушылар үйінді астынан қайтыс болған адамның денесін шығарды. Мұнда құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, іздеу жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін үйінді астына түседі.
Екі объектіде де құтқарушылар адамдардың болу фактілері толық жойылғанға дейін жұмыс істейді.
Еске салайық, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар жіберді. Бүгін, 7 ақпанда құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!