- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық құтқарушылар Түркияда...
Қазақстандық құтқарушылар Түркияда жеті адамды аман алып қалды
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған елді мекендердегі іздестіру-құтқару жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қазақстандық құтқарушылар 14 адамның мәйітін тапқан, сонымен бірге жеті адамды аман алып қалды.
"Бүгінде Қазақстан құтқарушылар тобы іздеу операцияларын жалғастырып жатыр. Түркияның Газиантеп және Нұрдағы елді мекендерінен жеті адам тірідей, ал 14 адамның мәйітін табылды. Қазіргі уақытта инженерлік жұмыстар жүріп жатыр. Көпқабатты үйлердің үстіңгі қабаттарын шешіп, қазір астыңғы үш қабатын біздің құтқарушылар иттерді пайдаланып, іздеу жұмыстарын жүргізеді. Бүкіл жағдай жасалған", - деді вице-министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан