Қазақстандық құтқарушы қыз әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Қытайда әлем чемпионатында әйелдер арасындағы «кедергілермен 100 метрлік жолақты еңсеру» бойынша Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекорды орнатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Екінші талпыныстың алдын ала жүгіру барысында әйелдер ұлттық құрамасының спортшысы Регина Митрофанова 16,22 секунд нәтижесімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық рекордын орнатты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Харбин стадионында әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі, ал 8 қыркүйекте әлем чемпионатының кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру атты екінші кезеңі өтті. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!