Жанкүйерлері "қазақстандық краш" деп атап кеткен спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 31 шілде күні, Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Карим жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:
Еркін жаттығу - 13.433;
Тұтқалы ат жаттығуы - 8.533;
Шығыршықтағы жаттығу - 12.933;
Қол тіреп секіру - 14.400;
Қоссырықтағы жаттығу - 14.066;
Көрмелері жаттығу - 12.700.
Жарыс нәтижесінде Милад Карими 24-орын алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!