- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық қор Қырғызстанға...
Қазақстандық қор Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстандық қор Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық "Biz Birgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қоры қырғызстандықтарға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Көмек елдің оңтүстігінде селден зардап шеккендерге арналған.
Жүкте ұн, қант, жеке гигиена заттары мен өзге де қажет құралдар салынған.
Еске салайық, 15 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында және Ош қаласында сел жүргені хабарланған болатын. Салдарынан көшелерді су басып, көліктер ағып кеткен.
Жергілікті ТЖМ мәліметінше, сел басқан аймақтарға 46 құтқарушы жұмылдырылып, 420 адам құтқарылған.
Жаңбыр салдарынан Ак-Буура өзені тасып, қала көшелерін су басқан.
Тұрғындар жариялаған видеоларда қаладағы орталық базарда азық-түліктер мен тауарлар, бірнеше көлік суға ағып кеткенін көруге болады.
Ош облысында сел Асан-Чек және Манас Кара-Су аудандарындағы ауылдарда болған.
Сел үйлер, аулалар мен көшені басып өткен. Ош-Гульча-Иркештам жолы уақытша жабылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина