- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық компания Еуроодақтың...
Қазақстандық компания Еуроодақтың санкциясына тап болды: министрлік не дейді?
Фото:
depositphotos.com
Қазақстандық Da Group 22 компаниясы Еуропалық Одақтың жаңа санкциялар пакетіне енді. Бұған қатысты Сауда және интеграция министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада тіркелген компания 2024 жылғы 25 маусымында санкциялар тізіміне енген. 2024 жылғы ақпан айынан бастап DA Group 22 АҚШ-тың санкциялар тізімінде де тұр.
"Сонымен қатар былтыр мамыр айынан бастап DA Group 22 импорттық немесе экспорттық қызметті жүзеге асырған жоқ", - деп хабарлады министрлік.
Ашық деректерге сәйкес, компания 2022 жылғы наурызда шағын кәсіпорын ретінде тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан