Қазақстандық кілемдер әлемдік нарыққа шықты

Қазақстандық кілемдер әлемдік нарыққа шықты
Фото: Depositphotos.com

Отандық кілем өндіруші компания тұңғыш рет халықаралық ірі көрмеге қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz сілтеме жасап. 

Ыстамбұлда өткен көрмеге Қазақстанда тоқылған кілемдердің түр-түрі қойылды. Әсіресе ұлттық нақыштағы кілемдер көрме қатысушыларының көңілінен шықты. 

"Біз Магнитогорск қаласынан келдік. Кілемдердің бағаларын салыстырып, өндірушілермен танысу үшін көрмені арнайы аралап жүрміз. Ең әдемі әрі ерекше кілемдер қазақстандық фабриканың кілемдері екен. Енді алдағы уақытта ірі көлемде тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз", - деп пікір білдірді ресейлік тұтынушы Арсен Дауытов. 

Бұл жерде өндірушілер өзара танысып қана қоймай, әлемнің әр түкпірінен келген сатып алушылармен  келісімшарт жасасады. Кілем тоқу саласындағы инновациялармен танысады.

"Ыстамбұл қаласындағы бүкіләлемдік кілем көрмесіне келудегі мақсатымыз - қазақ кілемі деген брендті әлемге таныту. Қазақ өндірісі, қазақ мәдениеті, қазақтың ұлттық ою, ұлттық өнерін мына біздің Қазақстанда шығып жатқан кілемдерді әлемге танытып, сатылымды көбейту", - деді кілем өндіруші компанияның басшысы Талғат Ысқақов. 

Айта кетейік, 20-ға жуық елден 400-ден аса компания қатысқан іс-шара әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі саналады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет