Қазақстандық "Қазпошта" арқылы Швециядан жарты келі гашишке тапсырыс берген

Қазақстандық "Қазпошта"арқылы Швециядан жарты келі гашишке тапсырыс берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агентігі ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткіні заңсыз өткізу дерегіне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады.

Халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті "Қазпошта" АҚ-ның Қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Швециядан келген, салмағы 479,94 грамм гашиш есірткісі бар қорапты тапты.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!