Қазақстандық қаржыгер бір айда қарыздан құтылатын формуланы айтты

Қазақстандық қаржыгер бір айда қарыздан құтылатын формуланы айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық қаржыгер Перизат Бауыржан бір айда қарыздан құтылатын формуланы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол TikTok-парақшасында айтты. 

"Көп отбасында "қарыздан қалай құтыламын?" қалай қаржылық еркіндікке жетемін? қалай қаржылай сауатты боламын?" деген сұрақтар соңғы кезде кәдімгідей актуалды болып жатыр. 

Бірақ кейбір адамдар менің алдыма келгенде "маған бір айда қарызымнан құтылатын бір нәрсе, бір формула беріңізші" дейді. Алайда сіз ертерек қарыздан құтылып, қаржылай еркіндікке шығу үшін бітпей жатқан кішкентай істердің бәрін жасау керек. Ол - кіріс пен шығысты жазу, ертеңгі күнгі ақшаны жоспарлау", - дейді қаржыгер. 

Перизат Бауыржанның сөзінше, осылайша үлкен нәрсе келуі үшін алдымен бітпей жатқан істерді бітіру керек. 

"Мысалы сізде ваннада сасық су келді делік. Яғни "пробкасы" жабылып қалған. Оны қанша тазалап, жаңа су құйғанмен судың түсі өзгермейді. Біз ол үшін бітпей жатқан кішкентай істерді бітіру арқылы мына "пробканы" суырып алған кезде жаман нәрселер ағып кетеді. Содан кейін оның орнын тазалап, жаңа нәрсені құятын болсақ, онда біздің жұмысымыз тезірек алға басатын болады. Ал біз қазіргі кезде оның бәрін оқып жатырмыз, қарыздан құтылуды да оқып жатырмыз. Бірақ бізде мынадай істелмей жатқан кішкентай әрекеттер бар. Қарапайым кіріс пен шығысты жазбай жүрміз. Ондай кезде бізге үлкен нәрсе қайдан келсін?", - дейді маман. 

@perizat.bauyrzhan

Ал сіздерге формула

♬ оригинальный звук - Перизат / ҚАРЖЫГЕР / ИПОТЕКА

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина