• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстандық каратэші қыз әлемдік рейтинг көшін бастады

Қазақстандық каратэші қыз әлемдік рейтинг көшін бастады
Фото: olympic.kz

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта көш басына шықты, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.

🥉Мөлдір жуырда ғана Парижде өткен халықаралық рейтингтік лигада қола медаль еншілеген болатын. Бұл нәтиже оның рейтингте бірінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

1️⃣ Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) - 5490 ұпай
2️⃣ Иоргелис Салазар (Венесуела) - 5350
3️⃣ Эма Сгарделли (Хорватия) - 3312

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай - каратэден әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы (2023 жыл). Ол сондай-ақ 2021 жылғы Азия чемпионатының алтын, 2023 жылғы күміс жүлдегері. Ханчжоудағы Азия ойындарында екінші орын алды.

О. Сансызбай
Logotype Massaget