Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-орын алды

Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-орын алды

29 қарашада өткен балалар арасындағы Junior Eurovision-2020 ән байқауында қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова екінші орын иеленді. Франциялық әнші Валентина байқау жеңімпазы атанды, үшінші орынды испаниялық әнші Солиа иеленді.

"Forever" ("Мәңгілік") әнін орындаған Қарақат 152 ұпай (83 ұпай әділқазылардан, 62 ұпай көрермендердің дауысынан), Валентина 200 ұпай (88+112) жинады.

Байқау Польшада өткенімен, пандемияға байланысты Қарақат Башанова Польшаға бармай Қазақстаннан қатысты.

Қазақстандық жас әншілер бұл байқауға 2018 жылдан бері қатысып келеді. 2018 жылы Данелия Тулешова 6-орын алса, былтыр Ержан Максим 2-орын иеленген.

Junior Eurovision - Еуропалық хабар тарату одағы (European Broadcasting Union – EBU) ұйымдастыратын ән байқауы. Оған 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Байқау 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Massaget