Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов мансабын Әзербайжанның "Сабах" командасында жалғастыратын болды, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.
Стас Покатилов бұған дейін "Тобылда" ойнады. Қостанайлық клубқа дейін "Ақжайық", "Шахтер", "Ақтөбе", "Қайрат" командаларының жейдесінде өнер көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Сабах" қазіргі уақытта Әзербайжан чемпионатында 27 ұпаймен бесінші орында келеді.
О. Сансызбай