• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті
Фото: aikyn.kz

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты "Время" газеті растады. Қазақстандық журналист, қоғам қайраткері 58 жасында көз жұмған.

Лев Тараков Киевтегі жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер болып бастаған.

Әр жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінде, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы болған.

Лев Тараков "Литер-Медиа" холдингінде жұмыс істеген. 2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget