Қазақстандық журналист қайтыс болды

Қазақстандық журналист қайтыс болды
Фото: facebook.com /Тамара Сухомлинова

Қазақстандық журналист Тамара Сухомлинова қайтыс болды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

"Бұл біздің журналистер қауымы үшін, оны білетін және сүйген барша адам үшін ауыр қаза", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, Тамара Сухомлинова "Ақ Жайықта" ұзақ жыл жұмыс істеп, оқырмандары үшін бар ынта-жігерімен атқарып жатқан іске ерекше үлес қосқан. Кейін ол өз бетінше жұмыс істеуге шешім қабылдаған. 

"Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз Тамараны ешқашан ұмытпаймыз", - делінген хабараламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек