Қазақстандық жүк көліктері Беларусь шекарасында тұрып қалды: СІМ түсінік берді

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Беларусь, Литва және Латвия шекарасында елдер арасындағы саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты бірнеше күн тұрып қалған. Қазіргі уақытта бекетте 700-ге жуық жүк көлігі тұр. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дәл қазір Беларусь - Литва шекарасында Каменный Лог бақылау-өткізу бекетінде 680 көлік, Бенякони өткізу бекетінде 500 көлік бар. Біздің қазақстандық жүк көліктері 4-5 күннен бері кезекте тұр, бұл көлік компаниясы үшін үлкен шығын, соңында бұл әр қазақстандыққа әсер етеді, елдегі дүкен сөрелеріндегі барлық тауар қымбаттайды", - деді қазақстандық жүргізуші Tengrinews.kz тілшісіне.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстан билігі мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

"Иә, біз өз елшілігімізбен, осы елдердің билік органдарымен және көлік министрлігімен бірлесе отырып, бірінші кезекте осы мәселелермен айналысып жатырмыз. Континентіміздің еуропалық бөлігінде болып жатқан жағдайды жақсы білесіздер. Кезек болатыны түсінікті еді. Алдыңғы жылдары бәрі тыныш болған кезде де кезек болған. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - деді Смадияров брифингіде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!