Қазақстандық жол апаты үшін 2 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр қазанда облыстық маңызы бар Веденка - Қостанай тасжолында жол апаты болған. Соның салдарынан азамат Р.-ға тиесілі BMW маркалы көлікке техникалық зақым келген.
Р. залалды өндіру туралы талап арызбен Қостанай қалалық сотына жүгінген.
Сотта жол жұмыстары жүргізілген учаскеде жауапты тұлға, яғни учаске шебері жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертетін жол белгілерін орнатпағаны анықталған. Бұл жол апатына себеп болған. Көлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны 1 592 000 теңге болған.
Сот шешімімен азамат Р.-ның талаптары дұрыс деп танылып, ЖШС-дан 2 миллион теңге өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз