Қазақстандық жеңілатлет Париж Олимпиадасын 17-орынмен аяқтады

Париж Олимпиадасында 10 000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыс аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Дейзи Джемпекей қорғады.

Қазақстандық атлет жарысты 17-орынмен аяқтады, оның нәтижесі: 31:26.55.

Кениялық Беатрис Чебет алтын жүлдені жеңіп алды – 30:43,25. Мәреге екінші болып италиялық Надя Баттоклетти келді - 30:43,35. Үздік үштікті Сифан Хассан (Нидерланд) түйіндеді - 30:44.12.

Айта кетейік, қазақстандық жеңіл атлеттер үшін Париж Олимпиадасы мәресіне жетті. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!