- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық жеңіл атлет...
Қазақстандық жеңіл атлет Павлодарда трамвай-дәмхана ашты
Қазақстандық жеңіл атлет Азарова Павлодарда трамвай-дәмхана ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қозғалмалы дәмхана идеясын Татьяна Азарова Павлодар трамвай басқармасымен бірге жүзеге асырды. Кәсіпорын спортшының бастамасын қолдап қана қоймай, көлік беріп, оның бағытын айқындады.
13 тамызда трамвай-дәмхана алғаш рет рейске шықты, оның бірінші жолаушылары аз қамтылған отбасының балалары болды. Спортшының айтуынша, бұл халыққа арналған әлеуметтік жоба.
"Біз айына бір рет интернаттың балаларына, спортта жетістікке жеткен балаларға арнап шаралар өткізіп тұрамыз. Бұл біздің жоспарымыз, бірақ біз мұны жүзеге асыруға тырысамыз", - деді ол.
Спортшының айтуынша, дәмхананың бағасы қымбатырақ болады. Ал тағамдар тапсырыс арқылы мейрамханалар мен дәмханалардан алынады.
© Tengrinews
Трамавай кешкі сағат жетіден бастап жүреді. Автовокзалдан күнделікті 19.00, 21.05, 22.58 -де жөнелтіледі.
Ұйымдастырушылардың айуынша, трамвай-дәмхана қаланың барлық жерін аралайды. Сонымен қатар, трамвай қоғамдық көліктерге кедергі келтірмей, клиенттердің қалауымен тоқтатылады.
© Tengrinews
"Біздің кафе қала тұрғындары үшін демалуға болатын орынға айналады деп сенеміз. Түрлі кештер, үйлену тойлары мен шараларға арнап тапсырыс қабылдаймыз. Сонымен қатар, балалар үшін таңғы рейс ашуды да ойлап отырмыз", - деді Азарова.
Еске сала кетейік, алғашқы трамвай-дәмхана 2012 жылдың мамырында Алматыда пайда болған еді. Иелерінің айтуынша, олар құйған қаражаттарын қайтарып үлгерген.
©Tengrinews
М. Бисембаева