Қазақстандық жауынгерлер SWAT Challenge кезеңінде бірінші орынға ие болды

"Сұңқар" ІІМ арнайы мақсаттағы күштер командасы 100-ден астам елдің күш құрылымдарының арнайы бөлімшелерінің командалары арасында өтіп жатқан UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстарының кезекті кезеңінде бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Дубайда Тhe UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстары жалғасып жатыр. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері бақ сынап жатыр.

"Сұңқар" бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастырып жатыр.

"Қазақстан ІІМ қызметкерлері "офицерді құтқару" деп аталатын үшінші кезеңнен сәтті өтіп, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептілігін көрсетті. Нәтижесінде олар барлық сынақты 2 минут 11 секундта аяқтады", - деп жазды ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, турнирдің бірінші күні де "Сұңқар" командасы "алтын" жеңіп алған болатын. Үш күннің қорытындысы бойынша ІІМ командасы турнирдің жалпы кестесінде екінші орынды иеленіп тұр. Одан бөлек, үздік он команданың арасында Ұлттық ұлан, Sardar B (МКҚ) және ҰҚК-нің екі командасы (Arystan Team және SSN Aktau) бар.

Өткен жылы "Сұңқар" жауынгерлері ұйымшылдығымен ерекшеленген еді. Қатысушылардың бірі аяғын сындырып алғанына қарамастан, команда мәре соңына дейін жетіп, көрерменнің көзайымына айналған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!