Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Базельде (Швейцария) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалына дейін жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Командалық жарыста еліміздің намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов және Алексей Касаткин қорғады. Жартылай финалда қазақстандық шпагашылар Швеция құрамасынан басым түсті. Ал алтын медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Мысыр спортшыларына есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үшінші орын алған еді. Сонымен қатар жекелей сында Софья Ақтаева жеңімпаз атанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!