- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спорт жаңалықтары
Қазақстандық жасөспірімдер дзюдодан Еуропа кубогында топ жарды
Дзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыста қазақстандық жасөспірімдер екі алтын, үш күміс және үш қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Атап айтқанда, Гүлхан Шыңғысхан (48 келі) мен Расул Мұқым (81 келі) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (48 келі), Даниял Сейілхан (50 келі) және Алтынбек Қонысбай (60 келі) күмісті олжалады. Ал Нұрдос Досберген (60 келі), Марғұлан Игілік (60 келі) және Әділжан Жаудинов (90 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан