Қазақстандық жасөспірім теннисші Германиядағы турнирде үздік шықты

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер 12 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында жақсы табыстарға қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Германияның Карлсруэ қаласында бірінші санаттағы турнирде Полина Лазаренко жұптық сында чемпион атанды.

Лазаренко болгариялық Рая Петковамен бірге шешуші ойында камбэк жасап, германиялықтар Найле Буи – Дарья Строгалшиковадан басым түсті – 4:6, 7:6, 10:8.

Жекелей сында Полина финалда ғана корт иесі Лиузе Симоға есе жіберді – 3:6, 5:7.

Черногорияда екінші санаттағы осындай додада Ақзере Ерімбет пен Эмилия Старусева финалға дейін жетті. Титул үшін матчта қазақстандықтар ресейлік Полина Кашытсина – украиналық Софья Трибадан ұтылып қалды – 3:6, 4:6.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!