Қазақстандық жасөспірім теннисші алғаш рет әлемдік рейтингіде 4-орынға көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әмір Омарханов бірден 10 сатыға жоғарылап, рейтингіде 4-орыннан көрінді.

Сол секілді 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы 74-тен 38-орынға көтерілді. 

Дәмир Жалғасбай ТОП-100-ге жақындап, 112-орынға (+84) көтерілді.

Еске салайық, бұған дейін Australian Open турнирінің іріктеуіне қатысатын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!