Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Әмір Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 4 қазанда жылдамдық бойынша жарыстың финалы болып өтті.
Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды.
Үшінші орын индонезиялық Киромал Катибинге бұйырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!