Қазақстандық хоккейшілер Олимпиада ойындарына іріктеуді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы Братислава (Словакия) қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде Венгриямен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Ұлттық құрама сапында үздік ойыншы ойындағы хет-триктің авторы атанған Никита Михайлис болды.
Ертең Олег Болякиннің шәкірттері Аустрия құрамасымен ойнайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!