- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан қыздар құрамасының жеңісі
Қазақстандық хоккейші қыздар екінші ойында да ірі есеппен жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Латвияның Рига қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды massaget.kz ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы топтағы екінші ойында Тайбэймен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Тайбэй - Қазақстан 0:6 (0:4, 0:1, 0:1)
0:1 - 00:23 - Зубкова
0:2 - 12:31 - Муравьева (Феоктистова, Зубкова)
0:3 - 14:30 - Жакулина (Раковская)
0:4 - 18:47 - Зубкова (Феоктистова, Муравьева)
0:5 - 26:31 - Муравьева (Жакулина, Раковская)
0:6 - 55:14 - Муравьева (Халикова)
Енді қазақстандық хоккейшілер 25 қаңтарда Нидерланд, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы Жаңа Зеландияны 14:3 есебімен ойсырата ұтқан болатын.
О. Сансызбай