Қазақстандық хоккейші қыздар Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Қазақстандық хоккейші қыздар Азия чемпионатында үздік үштікке енді
Фото: hockeykz

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасы Жапонияның Саппоро қаласында 15–18 қазан күндері өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аруларымыз жарыс барысында жалпы үш кездесу өткізді. Турнир қожайындары Жапония құрамасымен өткен матчта отандастарымыз 0:4 нәтижесімен жеңіліс тапса, Қытай өкілдеріне қарсы ойында 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерінен 5:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Енді сары құрлық додасының финалында Жапония мен Қытай өзара мықтыны анықтайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget