Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Курбанов төрешілердің шешімі бойынша, 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget