Қазақстандық гимнаст Азиаданың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнаст Азиаданың қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Қазақстандық гимнаст Ерлан Тасмағамбетов Азиаданың қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.

Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget