Қазақстандық футболшы әйеліне 8 наурызға Mercedes сыйлайды

"Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет әйелі Нұрсұлу Ізбасароваға көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Футболшы 8 наурызға әйеліне Mercedes C klass сыйлады. Бұл жайлы оның әйелі, актриса Нұрсұлу Ізбасарова әлеуметтік желіде айтты.

Еске салайық, былтыр тамыз айында футболшы Алматыда өткен "Астанамен" (1:0) матчта сүйіктісіне ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.