Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды, - деп хабарлайды massaget.kz.
Аралас командалық жарыста Юлия Феклистова мен Денис Раструба күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық фристайлшылар финалда АҚШ-тың екінші командасына жол беріп алды.
Қола жүлдені АҚШ-тың үшінші командасы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Городко алтын мен күміс жеңіп алған еді.