Қазақстандық фристайлшылар әлем чемпионатында тағы бір жүлде иеленді

Қазақстандық фристайлшылар әлем чемпионатында тағы бір жүлде иеленді
Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды, - деп хабарлайды massaget.kz

Аралас командалық жарыста Юлия Феклистова мен Денис Раструба күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық фристайлшылар финалда АҚШ-тың екінші командасына жол беріп алды. 

Қола жүлдені АҚШ-тың үшінші командасы иеленді. 

Айта кетейік, Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Городко алтын мен күміс жеңіп алған еді.

О. Сансызбай