"Шатырдағы екеу" фильмі Үндістанның Калькутта қаласында өткен "Алтын арыстан" (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.
Сонымен қатар фильм былтыр Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты.
"Шатырдағы екеу" фильмінде тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық суреттеледі.
Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!