Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов IBA Nomad 14 турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Спортшы негізгі кардта өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда өткен турнирде Жалғасқа қырғызстандық 26 жастағы файтер Қайрат Нұрбайұлы қарсы тұрды.
Жекпе-жек жеңіл салмақта ММА қолғабымен жұдырықтасу ережесі бойынша өтті.
Жұмағұлов бірінші раундта, яғни мерзімнен бұрын жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жұмағұлов үшін бұл бокс пен ММА элементтерін біріктіретін ерекше формат — Nomad ережесі бойынша өткен алғашқы жекпе-жек. Мұнда файтерлер ММА қолғабымен шығады, сонымен қатар, қысқа мерзімді клинчтер мен ұстау тәсілдеріне рұқсат беріледі.
Еске салайық, 6 маусымда Братиславада (Словакия) Жұмағұлов еуропалық Oktagon лигасында жекпе-жек өткізеді. Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық чемпионның қарсыласы жеңіл салмақтағы титул иегері бразилиялық Севериньо болмақ. Кездесу жеңімпазы қос салмақ бойынша чемпион атанады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жалғас Жұмағұлов — еуропалық лиганың қазақстандық тұңғыш чемпионы
UFC-дің қазақстандық бұрынғы файтері Oktagon лигасында үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Жалғастың титулын алғаш рет қорғаған кейінгі кездесуі мерзімінен бұрын аяқталды, себебі чехиялық Давид Дворак үш раундтан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады.
OKTAGON лигасы - әлемдегі ең үздік 10 лиганың қатарына кіретін Еуропадағы ірі ММА промоушені. Ол 2016 жылы Oktagon Challenge реалити-шоуының бөлігі ретінде негізі қаланған. Лига турнирлерінің басым бөлігі Чехия мен Словакияда өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz