Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников UFC-дің мерзімінен бұрын жеңіске берілетін жаңа бонустарын алғаш болып алған қазақстандық атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2026 жылдан бастап ұйым жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған барлық спортшыға 25 мың доллар (шамамен 12 млн 366 мың теңге) көлемінде қосымша төлем енгізді. Қазақстанда бұл бонустың алғашқы иегері - Веретенников: ол Нико Прайсты бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Еске салайық, үш раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта-ақ аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласын тік тұрыста нокаутпен жеңді.
Келесі болып UFC-де жекпе-жек өткізетін және ұйымның бонусы үшін таласатын қазақстандықтар - Әліби Ыдырыс пен Дияр Нұрғожай.
Әліби 22 ақпанда Оди Осборнмен кездессе, Дияр 7 наурызда Рафаэль Тобиасқа қарсы шығады.
1 наурызда Асу Алмабаев Брэндон Мореномен айқасуға тиіс болған, алайда қазақстандық спортшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!