Қазақстандық ер адам өз ваннасында батып кете жаздады

Фото: Видео кадры

1 қазанда Ақмола облысы Ақкөл қаласында тәртіп сақшылары өзінің жуынатын бөлмесіндегі ваннаға батып кете жаздаған 70 жастағы ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға жергілікті тұрғыннан ағасының 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпағаны жайлы хабар келді. Әпкесі жалғыз тұратындықтан, ақмолалық оның денсаулығына алаңдағанын айтты.

Полиция қызметкерлері Абылай Дәукенов, Арай Бек және Дәмежан Серсенбаев дереу көрсетілген мекенжайға барды, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келді. Үйге жеткен полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кірген. Топ ішке кіргенде олар жуынатын бөлмеде суық судың ваннадан төгіліп жатқанын көрді. Қарт кісінің құлап, кранды жұлып алып, өздігінен ваннадан шыға алмағаны белгілі болды.

Полиция мен құтқарушылардың уақытылы көмегінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан