Астанада дзюдодан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жиын жаңа маусымға дайындық кезеңі ретінде ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу жиыны аясында спортшылар жаттығуларын Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізіп жатыр.
Жаттығу жиынына шамамен 100 татами шебері қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова, Grand Slam турнирінің жеңімпаздары - Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз