Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Ордоста (Қытай) өткен Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атап айтқанда, бүгін Аруна Жангелдина үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті. 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы Ван Цзесимен (Тайбэй) медальға таласты. Кейін қарсыласы үшінші ескерту алып, Жангелдина жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, бүгін дзюдошы Айдар Арапов чемпионаттың қола медалін иеленді. Спортшы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін белдесуде Арапов Қырғызстаннан келген Ерлан Шеровты жеңді.
Эсмигуль Куюлова 17 сәуірде 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте Куюлова тайбэйлік Пэй Чунь Юаньді жеңді.
Абылайхан Жұбаназар 17 сәуірде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді — үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық БӘӘ-ден келген Гаджимурад Омаровпен күш сынасты.
17 сәуірде дзюдошы Әділет Алмат 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Тәжікстаннан келген Сомон Махмадбековті жеңді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!