Қазақстандық дзюдошылар European Open турнирінде бақ сынайды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Польшаның Варшава қаласында өтетін European Open 2026 турниріне қатысатын балуандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде қазақстандық балуандар да белдеседі.

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Сұңғат Нұрлатұлы, Нұрдәулет Мейрамбеков, Асылхан Зейнуллин, Тоқтар Үмітәлиев
  • 66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ақжігіт Насыр
  • 73 келіге дейін: Мәди Жеткерген, Ерсұлтан Дүйсенхан
  • 81 келіге дейін: Азат Күмісбай, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Ерзат Арғынов
  • 90 келіге дейін: Ақжол Дүйсенбаев, Данил Крылов, Айбол Нысанәлі
  • 100 келіге дейін: Асқар Біржанов
  • 100 келіден жоғары: Санжар Жабборов

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Аяна Дүйсенбай
  • 52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
  • 57 келіге дейін: Карина Қаракенова
  • 63 келіге дейін: Асылжан Орынбасарова, Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова, Дәмелі Асылханова
  • 70 келіге дейін: Мөлдір Нарынова, Кристина Сотникова
  • 78 келіге дейін: Шынар Абатова, Аруна Жангельдина
  • 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш

Айта кетейік, турнир 14-15 наурыз аралығында өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!