Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік теннисші Дарья Касаткинамен кездесті.
Путинцева қарсыласын 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Юлия матч кезінде бір эйс жасап, 11 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыққанын хабарлаған едік. Ол төртінші айналымда 18 жастағы чехиялық теннисші Сара Бейлекті 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!