Қазақстандық депутаттар каникулға кетті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жетінші сайланған Қазақстанның Парламенті екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қошанов парламенттік қызметте айтулы жағдайлар болғанын және маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. 

"Қазіргі парламенттік сессия қазақстандық қоғам үшін маңызды кезеңде өтті. Ең алдымен, біз тек екі жылға созылған коронавирус пандемиясымен күресіп қана қоймай, бірігіп нақты нәтижелерге қол жеткізе білдік", - дейді Қошанов.  

Дәстүр бойынша, Парламентте кезекті сессия маусымның соңында қорытынды жасалады. Сессия аяқталғаннан кейін депутаттар қыркүйекке дейін каникулға кетеді.